«7-20-25» бағдарламасы бойынша 19,2 мың өтінім мақұлданды
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 19,2 мың өтінім мақұлданды
155
оқылды
«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша несие алуға 42 846 өтінім қабылданды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша несие алуға 499,1 млрд теңге сомасына 42 846 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 224,5 млрд теңге сомасына қарыз беруге 19 242 өтінім мақұлданды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Еске салсақ, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына – 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна 20%-дан басталады. Несие мерзімі – 25 жыл.