Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келді
Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келді
5,150
оқылды

Беларусь Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Александр Лукашенконың осыған дейін елімізде өткен түрлі саммиттерге қатысқаны белгілі. Бірақ сапарлап, ресми келмегелі алты жыл өтіпті. Мәртебелі мейман Елордада Отан қорғаушылар монументіне барып, батырларға тағзым етіп, гүл қойды.

Ал ертең Беларусь басшысы Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Екі жақ шағын және кең құрамдағы келіссөздер өткізеді, деп жоспарланған.

Айта кетейік, өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы бір жарым процнетке өсті. Жыл басынан бері алыс-беріс көлемі 500 млрд долларға жуықтаған.