Теннис жұлдыздарымен жүздесті
Теннис жұлдыздарымен жүздесті
177
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев әлем теннисінің жұлдыздары Рафаэль Надальмен және Новак Джоковичпен кездесті.

Мемлекет басшысы атақты теннисшілерді «Ақорда» резиденциясында қабылдап, Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичке Қазақстанға кел­гендері және қайырымдылық матчына қаты­сатындары үшін ризашылығын білдірді.

– Бұл – қазіргі заманның даңқты теннис­шілерінің ойынын Қазақстанда көруге керемет мүмкіндік. Аталған матчтың қайырымдылық мақ­сатта өтіп отырғаны аса маңызды. Сіздердің аста­намызға келгендеріңіз Қазақстанда дамып келе жатқан тенниске үлкен қолдау екені даусыз. Бүгінгі балаларға көрсететін шеберлік сабақтарыңыз оларға жақсы үлгі болады және шабыттандырады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Қазақстандағы теннистің дамуына жоғары баға берген Рафаэль Надаль мен Новак Джокович кездесуге мүмкіндік жасағаны және тенниске көрсетіп отырған қолдауы үшін Президентке алғыс айтты.

– Бұл менің Қазақстанға үшінші рет келуім. Әр келген сайын әсем елорданың келбетінен рахат табамын. Дегенмен бұл жолғы сапарым ерекше. Өйткені ғажап «Ақорда» сарайында өзіңізбен кездесуге мүмкіндік алдым, – деп атап өтті Рафаэль Надаль.

– Президент мырза, Қазақстанда тенниске көрсеткен қолдауыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Біз елдеріңізде теннистің насихатталуына және дамуына өз үлесімізді қосатынымызға қуаныштымыз, – деді Новак Джокович.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларға табыс тілеп, Рафаэль Надальді шаңырақ көтеруімен құттықтады.