Шымкент теміржол стансасындағы 13 вагон жолдан шығып кетіп, аударылды
Шымкент теміржол стансасындағы 13 вагон жолдан шығып кетіп, аударылды
190
оқылды
Шымкент қаласының теміржол стансасында 13 вагон жолдан шығып кетіп, аударылды. «24 қазанда сағат 02.31-де Шымкент қаласының теміржол станциясында №117 бағытындағы 13 вагон жолдан шығып кетіп, аударылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда», – деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли. Белгілі болғандай оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етті. Алдын ала мәлімет бойынша, 5 жолаушы және 10 жүк пойызы тоқтап тұр. Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  width= «ҚТЖ« АҚ-ның 200 қызметкері, Шымкент, Арыс және Тараз станциясынан қалпына келтірумен айналысатын 3 пойыз жұмылдырылды», – деді Т.Уәли. Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД 6 қызметкері және 3 техника, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және 1 техникасы жұмыс істеуде. Жолды босату бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. 24 қазан сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін 1 жолды қалпына келтіру жоспарланып отыр.