Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Алексей Цой медицина қызметкерлеріне үстемеақылар жыл соңына дейін төленетінін мәлімдеді. 2020 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін медицина қызметкерлеріне 84,4 млрд теңге сомасында ынталандыру төлемдері берілген. Үстемеақылар жыл соңына дейін төленеді, бұған 136,8 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді. Мемлекет басшысы ағымдағы жылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру және 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары деңгейге жеткізу міндетін қойған болатын.
«2021 жылы 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге 222,3 млрд теңге, 2022 жылы – 361,7 млрд теңге, 2023 жылы – 557,5 млрд теңге көлемінде шығыстар көзделген. Осылайша, 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 561 мың теңгені құрайды», – деді А.Цой.