Көлік жүргізушісін пышақтап, денесін өртеген Түркістан тұрғындары ұсталды
Көлік жүргізушісін пышақтап, денесін өртеген Түркістан тұрғындары ұсталды
107
оқылды
Шымкентте жолаушылар көлік иесін пышақтап, денесін өртеген. 18 қазан күні шамамен сағат 11.00-де Шымкент қалалық Полиция департаменті Абай аудандық полиция бөлімінің кезекшісіне Түркістан көшесінің бойында «Дэу Нексия» маркалы ақ түсті көлік иесіз тұрғаны және оның мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқтығы туралы хабарланған.

«Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексеру барысында автокөліктің ішінен 2 дана ойыншық тапанша, бір метр темір арматура, 2 дана автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін және ер адамның қан дақтары бар көк түсті джинсы шалбарын тапты. Сол күні аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен және 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деп мәлім етті Шымкент қалалық Полиция департаменті.

Белгілі болғандай екі ер адам аталған көлікке жолаушы ретінде отырып, көлік иесін пышақтаған. Содан кейін Ақтас елді мекенінде орналасқан қоқыс алаңына апарып тастаған. Қылмысты жасыру үшін мәйітті өртеген. Полиция күдіктілердің ұсталғанын және олар 1994 және 1998 жылы туған Түркістан облысының тұрғындары екенін мәлімдеді.