Теміржолшы жігіт әлем жұлдызымен ән жазды – видео
Теміржолшы жігіт әлем жұлдызымен ән жазды – видео
Павлодар облысының тумасы Иманбек Зейкенов британиялық диджей Marshmello мен АҚШ әншісі Usher-мен бірлесіп трэк жазды. Жас таланттың әлемдік жұлдыздармен шығарған Too Much атты туындысы тыңдарман қауымға жол тартты.  Бұл туралы әннің жазылуына үлес қосқан үш музыкант  Instagram парақшаларында жариялады. Белгілі болғандай, туындыда кімді жақсы көрсең, соның жанында болу керегі жайлы айтылған.
«Marshmello және Иманбекпен бірге шығарған Too Much трэгім жарыққа шықты. Видеосы ертең. Сілтеме био-да» , – деп жазба қалдырған Usher қос өнерпазбен бірге  түскен фотосын жариялады.
Айта кетейік, Imanbek лақап атымен белгілі қазақ баласы 2019 жылы Saint Jhn орындауындағы Roses әнінің ремиксімен бүкіл әлемге танылды. Ремикс дүниежүзі бойынша көптеген чартқа енсе,  Shazam әлемдік тізімінде 3-орын алды. The New York Times басылымы қазақстандық Иманбек Зейкенов туралы мақала жариялаған болатын.  Зейкенов Павлодар облысындағы Ақсу қаласының тұрғыны. Мамандығы – теміржолшы. Қазір де осы салада еңбек етіп жүр. Музыкамен айналысу – хоббиі. Музыкалық білімі жоқ. Ән  жазуды өзі үйренген. https://www.youtube.com/watch?v=CDrn_k3bty4&feature=emb_logo&ab_channel=Marshmello