Британ компаниялары – белсенді серіктес
Британ компаниялары – белсенді серіктес
172
оқылды

Лондонда «Самұрық-Қазы­на» ҰӘҚ» АҚ мен Kazakh Invest ҰК АҚ және Financial Times ха­лықа­ралық іскерлік газеті бір­лесіп ұйымдастырған Қазақ­стан-Британ Іскерлік кеңесінің (ҚБІК) үшінші отырысы өтті. Ша­раға қордың басқарма тө­ра­ғасы Ахметжан Есімов, Ұлыбри­та­ния мен Қазақстанның мем­ле­кеттік мекеме өкілдері қатыс­ты.

Қор төрағасы Ахметжан Есімов өз сөзінде Қазақстанның Ұлыбри­та­ниямен сауда-экономикалық ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын және ағымдағы инвестиция қоржыны бөлігінде қор британ компаниялары үшін мұнай мен газды өңдеу, тау-кен жобаларын дамыту, көлік, логистика және энергетика саласында серіктес бола алатынын атап өтті.

– Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. 2015 жылы құрылғын Қазақ­стан-Британ Іскерлік кеңесі бұған да ықпал етеді. Жаhандық әлемдік экономикалық тенденция­ларды ескере отырып, қор перспективалы секторларға: мұнай-газ химиясы, балама энергия көздері, жоғары технологиялар, индустрия 4.0, сондай-ақ тәуелсіз қорлармен және ірі инвестициялық компаниялармен бірлескен қорлар құру арқылы кіріс­­терді әртараптандыруға бағыт­талған стратегияны бекітті, – деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Сондай-ақ қор басшысы алдағы бес жылда жоғарыда айтылған сала­ларға 38 млрд-тан астам АҚШ долл­арын инвестициялауды жос­пар­лап отырғанын атап өтті, оның ішінде 32 млрд АҚШ доллары көле­мін­де ин­вес­тиция тартылып, оған британ­дық компаниялар инвестор бола алады.

Британдық бизнес қауымдасты­ғы өз кезегінде қормен қарым-қаты­настың жақсы динамикасын атап өтті және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалады.

Сөз соңында Ахметжан Есімов британдық компанияларды өзара тиім­ді ынтымақтастықты жандан­ды­ру­ға және жекешелендіру бағдар­ла­масы аясында қордың үш ірі порт­фельдік компанияларының – «Эйр Астана» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ-ның IPO/SPO-ға қатысуға шақырды. А.Есімов қордың жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырумен қатар, қордың компаниялар тобы­ның бәсекеге қабілеттілігін артты­руға және портфельдік компания­лар­дың өндірістік процестерін қайта үйлестіруге бағытталған цифр­лы түрлендіру бағдарламасын жүзеге асыруға ерекше назар аударатынын атап өтті.

Атап өткен жөн, ҚБІК 2015 жы­лы Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті Н.Назарбаевтың ісса­пары аясында Қазақстан мен Ұлыбрита­ния арасындағы эконо­миканың түрлі салаларындағы ынтымақтас­тық­ты дамыту үшін құрылды.