Астанада 15 қабаттағы пәтер өртке оранды
Астанада 15 қабаттағы пәтер өртке оранды
Нұр-Сұлтанда зәулім үйдің 15-қабатындағы пәтер өртенді. Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгін сағат 14.24-те елорданың өрт сөндіру бөлімшелеріне Сығанақ көшесі, 18/2 мекенжай бойынша шақырту түсіп, құтқарушылар оқиға орнына жедел аттанған. Жеке құрамның 22 маманы мен 5 бірлік техникасы оқиға орнына жеткенде 16 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 15-қабатынан түтін шыққаны байқалды. «Кіреберісте қатты түтін шығып, адамдар эвакуацияланды. Алдын ала болжамға сәйкес, өрт шыққан пәтерде ешкім болмаған. Жалын шарпыған аумақ 30 шаршы метр. Сағат 15.18-де өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», – деді департаменттен.