Мектепке көмек – елге көмек
Мектепке көмек – елге көмек
176
оқылды

Nur Otan нақты істердің пар­­­тиясы екендігіне биыл Чу­ва­­­шин орта мектебінің ұжы­мы да көз жеткізді. Жергі­лік­­ті жұрттың айтуынша, 1960 жы­­лы салынған білім оша­ғы ашыл­ғалы бері күрделі жөн­деу көрмеген.

Сол себепті мектеп әкімшілігі ауыл балаларының алтын ұясына жөндеу жөнінен көмек керектігін Nur Otan партиясының мүшесі, Ба­тыс Қазақстан облыстық мәс­ли­­ха­тының депутаты, «Асфа» ЖШС-ның директоры Иван Еню­тин­ге айтады. Ол ұстаздар ұжы­мы­ның өтінішіне түсіністікпен қарап, 300 мың теңге демеушілік танытып, әрі мектепке 240 келі сыр алып береді. Сөзге өзек, тілге тиек болып отырған мектептің ди­рек­торы Григорий Козловтың мәліметіне қарағанда, 30 мың тең­геге мектептің қабырғасы сырт жа­ғынан тегістеліп, бітелген. Ал қалған қаржыға сынып бөлмелері, мектептің ішкі қабырғалары мен едені, сондай-ақ балалардың ойын алаңы жөнделіп, сырланған. Бұ­ған қоса демеушінің қаржылай кө­мегінің арқасында білім оша­ғының ауласы да әжептәуір жөнге келіп қалды. Осылайша, оқушылар мен мұғалімдер ағымдағы жөндеуден өткен мектепте жаңа оқу жылын бастаған болатын.

Бүгіндері Чувашин мектебінде еңбек ететін 30 мұғалімнің басым көпшілігі – жаңартылған білім беру бағыты бойынша арнайы курстан өткен педагогтар. Биылғы оқу жылында осы білім ұясында 95 шәкірт білім әлеміне сапарын жалғастыруда. Өрендерге сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі мектеп ұжымының еңбегі лайықты ескерілуде. Мысалы, мұғалімдердің биылғы кәсіби мерекесіне орай мек­теп директоры Білім және ғы­лым министрінің Құрмет гра­мо­тасымен марапатталды. Мұға­лім­дер мен оқушылар да жыл сайын әртүрлі бағыттағы аудандық және облыстық байқаулардан мерейлі оралып жүр.

– Еліміздегі жетекші саяси пар­­­тияның тікелей қолдауымен мек­тебіміздің жаңарып-жаң­ғыр­ғанына мұғалімдер мен оқу­шы­ларға қоса, жал­пы, ауыл тұр­ғын­дары да қуанышты. Ен­ді көп ұзамай мектебіміз күрделі жөн­­деуден өтеріне де сенімдіміз, – дей­ді мектептің кітапханашысы Ната­лья Беднарская. Ауылдың үл­кен-кішісінің бұл арманының да тезірек орындалуына біз де тілекшіміз, әрине.

– Nur Otan партиясының ау­дан­дық филиалына жеке адамдарға қоса, заңды тұлғалардан да өті­ніш-тілектер түсіп тұрады. Біз ел-жұрт­тың арыз-шағымы мен та­лап-тілегіне әркез сергек қарап, көтерілген мәселелердің оң шешім табуына үнемі мүдделік танытып, барынша ұйытқы болып келеміз. Бұл фактор ел ішінде, халық ара­сын­да партия беделінің артуына айтулы ықпал етуде. Елбасымыз, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жетекші партия ел­мен етене жұмыс жасауы керек» деген ұстанымы қазақстандық қо­­ғамның бірлігін бекіте түсері анық. Ал мұндай жалпыға ортақ же­тістік халыққа да, билікке де бек пайдалы екендігі шүбәсіз, – дейді Nur Otan пар-тиясы Бәйтерек аудан­дық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев.

 

Бауыржан ФАЙЗОЛЛАҰЛЫ, 
Батыс Қазақстан облысы