Антарктидада алғаш рет масалар байқалды

Антарктидада алғаш рет масалар байқалды

Кәдімгі масалар Антарктидадағы Кинг Джордж аралында пайда болды. Бұл туралы Ресейлік Антарктида экспедициясының бастығы Александр Клепиков айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz

– Әр түрлі мемлекеттердің жеті станциясы, соның ішінде Ресейдің Беллингхаузен станциясы орналасқан Кинг Джордж аралында біраз уақыт бұрын масалар пайда болды. Бұл адам факторына байланысты болды – туристер көп, сонымен қатар масалар үшін тамаша жағдайлар бар – бұлақтар, өзендер, жазда плюс 3, қыста минус 5, климаты жұмсақ, – деді Клепиков.

Ғалымдар бұрын Антарктидада москиттер болмағанын айтты. – Бұрын Антарктидада мұндай мәселе болған емес. Ғалымдар үшін бұл ерекше ғылыми-қолданбалы жұмыс, жағдайды зерттеу жобасы осы маусымда ғана басталды, мәселе әлі шешілуде, – деді экспедиция жетекшісі. Клепиков ұлттық антарктикалық бағдарламаларды басқару кеңесінің бастамасымен зерттеу жүргізіліп, москиттерге арналған арнайы тұзақтар жасалғанын атап өтті. Зерттеулер аралдың барлық станцияларында жүргізіледі.