Аралас жекпе-жек шебері Шавкот Рахмонов қарсыласын бірінші раундта жеңді – видео
Аралас жекпе-жек шебері Шавкот Рахмонов қарсыласын бірінші раундта жеңді – видео
228
оқылды
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC ұйымында бірінші кездесуін өткізіп, жеңіске жетті. Бұл туралы Aikyn.kz  Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Отандасымыздың қарсыласы тәжірибелі бразилиялық спортшы Алекс Оливейра болды. Абу-Даби қаласында өткен кездесуде қазақстандық спортшы қарсыласын бірінші раундта-ақ қылқындыру әдісімен жеңді.

Бұл Рахмоновтың UFC ұйымындағы бірінші кездесуі еді. Жалпы ол аралас жекпе-жекте 13 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Тағы бір айта кететін жәйт, Рахмонов барлық кездесуін нокаутпен аяқтаған. Айта кетейік, Оливейра Рахмоновтың карьерасындағы ең тәжірибелі қарсылас болды. Бразилиялық спортшы аралас жекпе-жекте он жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ал UFC ұйымында жүргеніне бес жыл болған. Бұған дейін тек бір мәрте ғана нокаутпен жеңілген болатын.