Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC ұйымында бірінші кездесуін өткізіп, жеңіске жетті. Бұл туралы Aikyn.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл Рахмоновтың UFC ұйымындағы бірінші кездесуі еді. Жалпы ол аралас жекпе-жекте 13 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Тағы бір айта кететін жәйт, Рахмонов барлық кездесуін нокаутпен аяқтаған. Айта кетейік, Оливейра Рахмоновтың карьерасындағы ең тәжірибелі қарсылас болды. Бразилиялық спортшы аралас жекпе-жекте он жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ал UFC ұйымында жүргеніне бес жыл болған. Бұған дейін тек бір мәрте ғана нокаутпен жеңілген болатын.Отандасымыздың қарсыласы тәжірибелі бразилиялық спортшы Алекс Оливейра болды. Абу-Даби қаласында өткен кездесуде қазақстандық спортшы қарсыласын бірінші раундта-ақ қылқындыру әдісімен жеңді.