Вирус белгілері бар пневмония бойынша 163 жағдай тіркелді
Вирус белгілері бар пневмония бойынша 163 жағдай тіркелді
97
оқылды
25 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония және коронавирустан емделіп жатқан науқастар бойынша ақпарат жарияланды. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 163 жағдайы тіркелді. 18 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бастап барлығы: ауырғандар - 36 895, 393 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 460-қа жетті. Сонымен қатар  қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 964 адам ем қабылдап жатыр.  Олардың арасында 245  бала бар. Стационарларда 2 222 науқас жатыр. 742 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы, науқастардың арасында 120 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланды. 14 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.