"Боратқа" наразылық нотасын жолдаудың керегі жоқ» – министрліктің жауабы

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі «Борат-2»  фильміне қатысты пікір білдірді.

«Борат-2 фильмі – коммерциялық жоба. Фильм авторлары ҚР билігінің ресми наразылығын арандатып, өз фильміне жақсы жарнама жасамақ. Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа салынуда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы»,  – делінген министрлік хабарламасында.

 

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.