«Айфон» қажет десеңіз, жалға алуға да болады
«Айфон» қажет десеңіз, жалға алуға да болады

Соңғы үлгідегі смартфонның бағасы қолжетімсіз болса, енді оны жалға алып, пайдалануға да болады.

«Костанайские новости» порталының жазуынша, жыл сайын күзде Apple фирмасы iPhone-нің жаңа моделін шығарады. Жыл өткен сайын бұрынғы модельдерде болмаған жаңа функциялар қосылып отырады. «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубының негізін қалаушы Зарина Көкжанованың пікірінше, «жаңа модельде телефон шығара беру, қажетттілік пе, даңғойлық па?» деген мәселе көтерген. Оған себеп, «IPhone 11 Pro-ны бір сағатқа фото, видео түсіруге жалға беремін» дейтін жарнамалар бар. Тапсырыс бар жерде сұраныс та бар. Мұндай қызмет болса, смартфонның соңғы үлгісін сатып алудың қажеті қанша?» деген ойымен бөліскен.