«Түк те күлкілі емес» – АҚШ президенті Боратты жексұрынға теңеді
«Түк те күлкілі емес» – АҚШ президенті Боратты жексұрынға теңеді
136
оқылды
АҚШ президенті Дональд Трамп британдық актер Саша Барон Коэнді сынға алды. Бұл туралы USA Today порталы жазды. 

АҚШ президентінің айтуынша, осыдан 15 жыл бұрын британдық комик оны келеке қылмақ болған. Алайда Трамп ол шоудың жалған дүниеге құрылғанын сезіп, әрі қарай түсірілімге қатыспаған.

  [caption id="attachment_82554" align="aligncenter" width="1200"]Борат Фото: Интернеттен алынды[/caption] Президент Боратты жексұрынға теңеп, «Жасанды ойнайтын жігіт, түк те күлкілі емес» деді. Ал британдық актер тегін жарнама жасап бергені үшін АҚШ президентіне алғысын білдірді.

«Мен де сені күлкілі деп санамаймын. Десек те, әлем саған күле қарайды. Мен нәсілшілдікке негізделген әзілдерді ойнау үшін үнемі кейіпкер іздеп жүремін, ал саған 20 қаңтардан кейін жұмыс іздеуге тура келеді», – деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.