АҚШ президенті Дональд Трамп британдық актер Саша Барон Коэнді сынға алды. Бұл туралы USA Today порталы жазды.
[caption id="attachment_82554" align="aligncenter" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Президент Боратты жексұрынға теңеп, «Жасанды ойнайтын жігіт, түк те күлкілі емес» деді. Ал британдық актер тегін жарнама жасап бергені үшін АҚШ президентіне алғысын білдірді.АҚШ президентінің айтуынша, осыдан 15 жыл бұрын британдық комик оны келеке қылмақ болған. Алайда Трамп ол шоудың жалған дүниеге құрылғанын сезіп, әрі қарай түсірілімге қатыспаған.
«Мен де сені күлкілі деп санамаймын. Десек те, әлем саған күле қарайды. Мен нәсілшілдікке негізделген әзілдерді ойнау үшін үнемі кейіпкер іздеп жүремін, ал саған 20 қаңтардан кейін жұмыс іздеуге тура келеді», – деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.