Димаш алмұрт жеген күн халықаралық мереке ретінде тойлана ма?
Димаш алмұрт жеген күн халықаралық мереке ретінде тойлана ма?
121
оқылды

Димаш Құдайбергеннің әуежайда алмұртты дәніне дейін қалдырмай жеп қойғаны елдің қызу талқысына түсті.

Оның алмұрт жеп тұрған видеосы бірнеше сағатта 230 миллион рет қаралған. «Фотообъективтерге қарамастан, әуежайда алмұрт жедім, келгеннен кейін оны Weibo (Instagram-ның қытайлық нұсқасы) желісінен 230 миллион адамның көргенін білдім. Сол кездегі сезімді айтсаңызшы. Сонда бұл өзі қандай алмұрт?», — деп таңғалды Димаш Құдайберген.

Видео әлеуметтік желіде танымалдығы бойынша үшінші орын алған. Жазба Қытайдың әлеуметтік желісінде «Шанхайдың қоқыс сұрыптау жүйесі салдарынан Димаш алмұртты сүйегімен бірге жеп қойды» деп жарияланған.

Ақпарат порталының коммерциялық директоры Назым Жанғазинованың айтуынша, енді фанаттар алмұрт ағашын жаппай отырғызуды жоспарлап отырған көрінеді. Сондай-ақ  22 қазанды халықаралық алмұрт мерекесі деп жариялау туралы ұсынысты  қызу талқылап жатыр.