Халықаралық әуе рейсімен ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды
Халықаралық әуе рейсімен ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды
112
оқылды
Биылғы 6 – 25 қазан аралығында халықаралық әуе рейстерімен Қазақстанға келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов хабарлады. С.Байғабыловтың ақпаратына сәйкес, 25 қазан күні түнде елімізге 11 халықаралық әуе рейсі ұшып келген. Барлығы 1 483 жолаушының 1 228-інде коронавирусқа тапсырған анализдерінің анықтамалары болған. Қазақстанның 255 азаматында ондай анықтама болмаған. 11 әуе рейсі ұшып келді. Оның төртеуі Нұр-Сұлтан қаласына, барлығы 434 жолаушы, оның 350-інде анықтама – бар, 84-інде – жоқ; - алтауы Алматы қаласына, барлығы 939 жолаушы, оның 778-інде анықтама – бар, 161-інде – жоқ; - біреуі Шымкент қаласына, 110 жолаушы, 100-інде анықтама – бар, 10-ында – жоқ. «Анықтамасыз үшып келген Қазақстан азаматтары ПТР-анализ тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы карантиндік стационарларға жатқызылды. Жолаушылар Түркия, БАӘ, Украина және Беларусьтен келген. Биылғы 6 қазаннан бастап ПТР анықтамасыз келген халықаралық рейстердің 34 жолаушысы Қазақстанға коронавирус алып келді: Шымкент – 2, Нұр-Сұлтан – 4, Алматы – 28», – деді С.Байғабылов.