Тоқаев Лукашенкомен келіссөздер жүргізді
Тоқаев Лукашенкомен келіссөздер жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Беларусия президенті Александр Лукашенкомен келіссөздер жүргізді.

«Біз беларусь делегациясының келгеніне қуаныштымыз. Бізді достықтың дәстүрлі сабақтастығы, ынтымақ байланыстырады. Халықтарымыз бір-біріне жақын. Сондықтан құрметті президент Александр Григорьевич басқарып келген бұл сапар – мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық мәселелерін жан жақты талқылап, оған серпін беруге жақсы мүмкіндік», - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев тар форматта Лукашенкомен кей мәселелерді талқылағандарын алға тартты.

«Біз мемлекеттеріміз арасындағы сауда көлемін ұлғайтуға, гуманитарлық саладағы қатынастар мен өзара байланыстарды нығайтуға, халықаралық ұйымдарда белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделіміз. Менің ойымша келісім және бірлескен мәлімдеме, біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетудегі өте маңызды қадам», - деді Тоқаев.

Атап өтерлігі 24 қазанда Беларусия президенті Александр Лукашенко Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.