Ақмола облыстық Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймұрзин Щучьеде жол апатынан қаза болған полиция қызметкерлерінің отбасымен кездесті.
Департамент басшысы қаза болған әріптестері Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидулиннің отбасыларына мемлекеттен бөлінетін өтемақыны алу мерзімі мен ережесі туралы айтты. Ол үшін құжаттарды жинау керегін түсіндірді.Арманбек Баймұрзин құжат жинау кезінде ведомство тарапынан көмек көрсетілетінін жеткізді.
[caption id="attachment_82544" align="aligncenter" > Фото: Интернеттен алынды[/caption]Сонымен бірге ол жол апатынан қаза болған Қ.Отарбаевтың отбасына пәтер беру, ал Қ.Хамидулиннің отбасына жалдамалы қордағы пәтерді жекеменшігіне беру мәселесі қаралып жатқанын жеткізді.