Шымкент әуежайын кім сатып алады?
Шымкент әуежайын кім сатып алады?
184
оқылды

Шымкент әуежайының бастапқы бағасы 5 234 000 000 теңге болған.

Кепілдік жарнасы – 785 100 000 теңге. Өтінім қабылдау биылғы 3 қарашаға дейін жалғасады. Сауда-саттық 3 қараша сағат 10:00-де басталады. Нысан сенімгерлік басқаруға берілмек. Сенімгерлік басқаруға берілетін мерзім ішінде нысанның қызмет бейінін сақтау керек және осы уақыт аралығында кем дегенде 6 млрд теңге инвестиция салынуы тиіс.

Нысанды азаматтық авиация саласындағы заманауи стандарттарға сәйкестендіру үшін оның инфақұрылымына қаражат құю талабы қойылды.

Сонымен қатар Шымкент әуежайына қатысты 2021 жылдан бастап жыл сайынғы таза табысты 150 млн теңгеден кем емес мөлшерде ұлғайту мен шығынсыз қызметті қамтамасыз ету шарты бар.