Бангладеште оқушы қызды өртеп жіберген 16 адам өлім жазасына кесілді
Бангладеште оқушы қызды өртеп жіберген 16 адам өлім жазасына кесілді
103
оқылды

Бангладеш соты 19 жастағы Нусрат Джахан Рафидің өліміне себепші болған 16 адамды өлім жазасына кесті. Бойжеткен өзіне мектеп директоры жыныстық зорлық көрсетті деп полицияға жүгінген.

Сәуірде діни медреседе оқитын оқушының үстіне керосин құйып, өзі оқитын мектептің шатырында өртеп жіберген. Қайғылы оқиға болмай тұрып бойжеткен полицияға арызданған.

Қатыгез өлім бар Бангладешті аяғынан тік тұрғызып, сот әділ шешім қабылдасын деп шерулер өтті.

16 адамға қатысты сот қысқа мерзімді мәресіне жетті. Жазаға кесілгендер қатарында мектеп директоры, Нусраттың екі сыныптасы, басқарушы партия бөлімінің екі жергілікті жетекшісі бар.

Полиция қызды өртеп жіберу туралы бұйрықты мектеп директоры берген деп мәлімдеді.

Өлім жазасына кесілгендердің адвокаттары сотқа істі қайта қарау туралы өтініш беретіндерін айтты.

6 сәуірде жыныстық зорлық туралы айтып, полицияға арыз бергеннен кейін бойжеткенге бірнеше адам шағымын қайтып алсын деп сес көрсеткен. Бойжеткен бас тартқан сәтте оның үстіне керосин құйып, өртеп жіберген.

Тергеу ақпарынша осылайша қылмыскерлер оқушы өзін-өзі өлтірді деп үміттенеді деген. Алайда Нусрат қашып шығып, үйіне жете алған. Қыз ағасына өзінің сөзін диктофонға жазып алуды сұраған. «Ұстаз маған тиісті, соңғы демім қалғаншы мұндай қылмыспен күресемін»,- деген ол.

Нусраттың денесінің 80 пайызын күйік шалған, қыз бала 4 күн өткеннен кейін жан тәсілім етті.