Караокеде отырғандар тексеру келгенде 2-қабаттан секіріп кетті – видео
Караокеде отырғандар тексеру келгенде 2-қабаттан секіріп кетті – видео
192
оқылды

Карантиндік тексеру кезінде елордалық sova караоке-барына келушілер полицейлерден терезелерден қашуға тырысты, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Оқиға 25 қазанға қараған түні болған. Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері түнгі уақытта Күйші Дина көшесіндегі sova қараок-бардың алдында бір топ адамды байқады.

"Мекеме алдында тұрған адамдар жақындап келе жатқан автопатрульді көріп, карантинді бұзғандарын біле тұра ғимаратқа жүгірді. Мекеме әкімшісі мен клиенттері екінші қабаттың терезесінен секіріп, полициядан қашып кетуге тырысты. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ", – деді полицей.

Адамдар екінші қабаттың терезелерінен секірген сәттің видеосы әлеуметтік желіге түсті.