Ел есінде сол бір жылдар...
Ел есінде сол бір жылдар...
122
оқылды

«Біздің мақтанышымыз – біздің жүрегімізде» атты Нұр-Сұлтандағы №60 мектеп-лицейінің Әскери және еңбек даңқы мұражайы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығының құрамындағы Әскери-тарихи мұражайы көшпелі көрмесін көрсетті.


Алтыншаш Хамитова басқаратын Нұр-Сұлтандағы №60 мектеп-лицейінің Әскери және еңбек даңқы мұражайы – ең жақсы мектеп мұражайларының бірі.  Мұражай 2001 жылы 5 мамырда ашылған. Оның ерекшелегі – барлық экспонат балалардың жинағаны. 

– Бұған түрткі болған – отбасым. Себебі, соғыстың алғашқы жылдарында атамыз Жүсіп Хамитұлы майданға кетіп, тұтқынға түскенінен басқа хабар болмады. Соны іздестіру үстінде бұл іске түбегейлі кіріп кеттім. Әзірге ештеңе таппадық. Бір білетінім, атамның қатаң құпияда ұстаған жерге түскен екен. Сол құжаттарды көруге еш мүмкіндік болмады. Бірақ әлі де үмітім үзілмеді. Меніңше, отбасым, балаларым 17 жасында соғысқа кеткен атасының ерлігін білу керек. Бұл мұғалім не отан алдындағы борышым емес, өсіп келе жатқан жастарға тарихты көрсету – міндетім. Себебі, Отанға деген сүйіспеншілік ұран салған сөздерден емес, адамның іс-әркетінен, отбасынан басталады, – дейді Алтыншаш Хамитова.

Оның айтуынша, іздеушілер тобындағы жоғары сыныптың балалары артынан ерген бауырларын ертіп әкелуде. Қазір олар ресейлік іздеушілермен байланысқа шығып, жұмыс істей бастаған. Соның арқасында биыл тағы да солардың іздестіру тобына қосылмақшы.

Жоғары сынып оқушыларынан жасақталған іздеушілер тобының дүниесі бүгінде 20 шақты экспонаттан тұрады. 

Алғашқы табылған дүние – Иван Мишконың ордені. Ол Мәскеу облысының аймағынан шыққан. Медальға оқ тиген. Оның қасында қылқалам мен хат болған. Соған қарағанда сарбаз хат жазып отырғанда оқ тиген. Соның қалтасындағы тиындар. 

Касканы алғаш шығарған француздар. Каскасы ең мықтысы – М-1916. Неміс каскасының түсі қоюлау болғанымен ерекшеленді.