Коронавирустан емделіп жатқан 119 қазақстандықтың жағдайы ауыр
Коронавирустан емделіп жатқан 119 қазақстандықтың жағдайы ауыр
100
оқылды
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 042 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 246 өскіншек бала бар, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.  Стационарларда 2 283 науқас жатыр.  759 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 119 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.