Қазақстанда тұратын 80 жастағы зейнеткер қария Ресейдегі ғашығымен қосыла алмай жүр, деп жазады Mash Telegram-каналы.
Романтикалық оқиға 65 жыл бұрын басталған. Александр Крум Ольганы Қазақстанда тұрғанда кездестірген. Олар үш жыл кездескен. Алайда Ольга Пермьге оқуға түсіп кетіп қалған. Александр оған келмекші болғанда ғашығы тұмысқа шығып кетіпті. Ер адам осы уақыт бойы Қостанай облысында тұрып келген. Ол да үйленген, алайда алғашқы махаббатын ұмыта алмапты. 65 жыл өтіп, екеуінің де жұптары қайтыс болған соң қария ғашығына хабарласқан.Олар бір-бірімен күнде сөйлесіп жүрген. Қария Ресейде келгенімен, көші-қон картасын дұрыс рәсімдемегені үшін оған айыппұл салып, елден 5 жылға шеттеткен.
Қазір қазақстандық қарияның жасы 80-де. Ол енді ғашығын көре алмаймын деп уайымдап жүр.«Оля секілді әйелімді сүймеппін. Мен оған күнде хабарласамын», — деп сырын ақтарды ол.