Қарағанды облысында 16 миллион теңге тапқан қылмыстық топ ұсталды
Қарағанды облысында 16 миллион теңге тапқан қылмыстық топ ұсталды
Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«2018 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың мамырына дейінгі аралықта құрамында 5 адам бар ұйымдасқан қылмыстық топ Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 7 заңсыз ойын нүктесін ұйымдастырды. Олар 16 млн теңгеден астам пайда тапқан. Жедел шаралар нәтижесінде, 200-ге жуық ойын терминалы (Lotomatic) заңсыз айналымнан алынды», - деп хабарланды.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды.