Белсенді автобуста орысша сұрақ қойғаны үшін соққыға жығылғанын айтты
Белсенді автобуста орысша сұрақ қойғаны үшін соққыға жығылғанын айтты
Белгілі эколог белсенді Салтанат Тәшімова Алматыда автобуста орысша сұрақ қойғаны үшін өзін ұрып-соққанын айтты. 
«Мені автобуста аялдама туралы орысша сұрағаным үшін ұрып-соқты», - деп жазды Тәшімова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, өзін автобустағы жолаушылардың бірі ұрып-соққан.
«Бұл әйел мені ешқандай себепсіз ұрып-соқты. Жұдырығымен басымнан, бетімнен ұрып, аяғымен қол-аяғымды тепкіледі. Құдай сақтасын, өзінде қанша кек бар екенін көрсеңіздер», - деп жазды белсенді.
Айтуынша, ол полицияға бағынбаған.
«Оны полицияға күшпен көндіруге тура келді! Ол өзін мен ұрды деп ұялмай жала жапты, сот-медициналық сараптамадан өткісі келмеді. Мен жүргізушіден аялдама туралы сұрадым. Ол әдейі жауап бермеді. Мен ашуланған кезде екі адам мені боқтай жөнелді,  қорқыта бастады. Сол кезде мен осының бәрін видеоға түсіре бастадым. Енді маған еркектер тіл тигізе бастағанда мен 102 қызметін шақырдым. Шығып бара жатқанымда әлгі әйел мені ұра бастады», - дейді ол.