«Кімнен нені жасырады?» – Қазақстанның бас санитар дәрігерін ПТР-зертханасына кіргізбей қойды
«Кімнен нені жасырады?» – Қазақстанның бас санитар дәрігерін ПТР-зертханасына кіргізбей қойды
127
оқылды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовты Өскемендегі ПТР- зертханасына кіргізбей қойған, - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

«Мамандар өңірдегі ПТР-зерттеулердің қаншалықты қолжетімді екенін және тестілеу жүргізетін зертханалардың қаншалық дұрыс жұмыс істейтінін бағалады. Осылайша, бас санитар дәрігер Өскемен қаласындағы облыстық репродуктив медицина орталығына жіберілмеді. Зертхана басшылығы мен қызметкерлерінің нені жасырып отырғаны әзірге белгісіз. Тек қана болжам бар», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтау қаласында аймақтың бас санитар дәрігері тексеруге барып, кіре алмай қайтқанын жазған болатынбыз.