«Баспана хит» ипотекалық несиелеу бағдарламасына өзгеріс енгізілді.
Бұдан былай бағдарламаға үлестік құрылыс та кіретін болды. Сондықтан салынып жатқан тұрғын үйді ипотека арқылы сатып алуға рұқсат етіледі. Қазақстан Ұлттық банкі «Тұрғын үй нарығында ұзақ мерзімді кредиттеуді ынталандыру тәсілдері» қаулысына өзгерістер енгізді.Ескерер жайт, бастапқы жарна – 20%-дан басталады. Қарыз мерзімі –15 жыл.Мақсат – ипотека арқылы халықты баспанамен қамту. «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ операторы «Баспана хит» бағдарламасы арқылы іске асырады.
Әлі де құрылысы аяқталмаған, салынып жатқан тұрғын үйге несие берудің қай уақытта басталатыны тағы да қосымша хабарланады.