Тұрғындар мәселесі тыңдалды
Тұрғындар мәселесі тыңдалды

Республикалық қоғам­дық қабылдау бөлмесінде Nur Otan партиясының ­хат­шысы Әлібек Әлденей ­аза­маттардың өтініштерін ­тың­дап, мәселелерімен таныс­ты.

Әлібек Әлденей ­аза­маттардың өтініштерін ­тың­дап, мәселелерімен таныс­ты.

Алдымен Алматы қаласынан байланысқа шыққан Арыс қала­сының тұрғыны 84 жастағы Күл­баршын Ағманова (І топ мүге­дегі) баспана мәселесі бойынша көмек сұрап, Алматы қаласынан үй алғысы келетінін жеткізді. Тегін берілетін пәтер жоқ екенін айтқан партия хатшысы белгілі бір әлеуметтік санаттағы топ­тарға пәтерлер кезегімен бері­летінін, оның өзі жеңілдетілген ипотека арқылы жүзеге асыры­латынын еске салды. Сөз со­ңында Әлібек Үсенұлы арнайы бағдарламамен берілетін үйлерге тиісті құжаттарды тапсыруға кеңес берді.

Қабылдауға келген Көк­ше­тау қаласының тұрғыны Сәкен Жұ­мабекұлы «Керегелі Қазақ Елі» жобасын жүзеге асыру бойынша партия тарапынан ақпараттық қолдау күтетінін айтты. Шағын сәулет құры­лыс­тарын көше­лер­ге, демалыс орын­дарына орна­лас­тырып жүр­ген белсенді аза­мат­тың жұ­мысына сәттілік ті­ле­ген партия хатшысы кәсіпкердің жұмы­сына ақпараттық көмек көрсе­тілетініне сендірді.

2013 жылы 5 бас жылқысы­нан айырылған зейнеткер Бақ­тығали Ақжігітов аудандық және об­лыстық полиция басшы­ла­рына шағым түсірген. Алайда одан еш нәтиже шықпай, жыл­қылары табылмаған Талғар ауда­нының тұрғыны бұл жағдайға немқұрайдылық танытқан поли­ция басшыларының жұмысын сынға алды. Ол өз кезегінде мал ұрлығына байланысты қандай да бір қатаң шешімдер қабылдау туралы ұсынысын да ортаға салды. Бақтығали Ақжігітовтің әңгімесін мұқият тыңдаған пар­тия хатшысы Әлібек Әлденей бұл жағдайды қадағалай­тынын айтты.

Шығыс Қазақстан облы­сы­нан хабарласқан Гүлбағадат Бай­дельдинова күйеуі соғыс ар­дагері Алдажар Байдельдиновке Жеңістің 75 жылдығына орай Өс­кемен қаласынан көше беруді сұрады. Келесі жылы жалпы­ха­лықтық санақ болатынын айтқан партия хатшысы бұл іс-шара өт­пейінше, бірде-бір аудан, қала, облыста көшелерге жаңа атаулар берілмейтініне ерекше тоқталды. Ол сонымен қа­тар санақ өткен соң ономасти­ка­лық комиссия жаңа атаулардың беру мүмкіндігін қарастыра­ты­нын тілге тиек етті. Хатты алған Әлі­бек Әлденей бұл мәселені Шы­ғыс Қазақстан облысының оно­мастикалық комиссиясына ар­найы ұсыныс ретінде жіберуге уәде берді.

Қабылдау барысында барлық азаматтардың өтініштері тың­далып, бірқатар мәселелер тал­қыға түсті. Тұрғындардың өті­ніш­терін орындау үшін тиісті орындарға арнайы тапсырма берілді.


Әбілмансұр ЖАСАН