«Жұмыс істейтін адам жоқ» – өзбек, тәжік, қырғыз еліне кеткелі Қазақстан жұмысшы таппай жатыр
«Жұмыс істейтін адам жоқ» – өзбек, тәжік, қырғыз еліне кеткелі Қазақстан жұмысшы таппай жатыр
177
оқылды

Қара жұмыс істейтін жұмысшылардың жоқтығынан кәсіпкерлер жұмысшы таппай отыр.

Еуразия бірінші арнасының зерттеуінше, пандемия басталғанда қырғыз, тәжік, өзбек өз еліне қайтты.

Кәсіпкер Марат: «Қара жұмыс, ауыр жұмыс болса да, Қазақстан азаматтары жұмыс істейтін болса, бағасын өсіріп айтады. Үлкен жалақымен істегеннен кейін ол продукцияның өсім кетеді бағасы. Ол продукцияны біз сата алмаймыз», – деген уәжін айтады.

Ал бригадир Данабек Тағаев: «Бұрынғы айырмашылығы өзбек, қырғыздар, әзербайжандар істеп жүргенде 5 мыңнан алатын. Ол кезде қазақтар керек емес, жұмысшылар керек емес. Өйткені олар ол бағамен істегісі келмеді. Олар қазір кеткелі бізде қазір ең төменгі 7,5 күндік ақысы 9,5-нан беріп жатырмыз», – дейді.

Бұл мәселеге қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин: «Шетелден келетін жұмыс күшін тарту квотасы екі есеге азайды. Биылғы белгіленген квота шеңберінде қазіргі күні 15871 адам шетелдік жұмыс күші жұмыс істейді», – деп шетелдік жұмыс күшіне тәуелді екенімізді айтып отыр.

Ал Жұмыспен қамту орталығы Азаматтарды қабылдау және БАҚ жөніндегі директордың кеңесшісі Алтынай Қосыбаева: «Төтенше жағдайды жариялағаннан бастап халықты жұмыспен қамту орталығына 24 мыңнан астам азамат келіп жүгінді. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 43 пайызға көбейді. Орталыққа жұмыс іздеп келгендер 100 мың теңгеден жоғары жалақы сұрайды», – дейді.   https://youtu.be/dHHgK5hkh-s

Соңғы уақытта сауда-саттық саласындағы кассир, сатушы, жүргізуші, автобус жүргізушісі, күзетші, құрылысшыларға сұраныс көбейген.