Ұл-қызын бағып-қағып отырған азамат Түркістан облысында тұрады.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады. Ханәділ Жұмабаевтың кенжесі жуырда 4 жасқа толған. Өзі күзетші болып еңбек етеді. Ораз ата ауылының тұрғыны Ханәділ Жұмабаев: «Енді тағдыр ғой. Басқа түскен соң тамақ істеуді үйрендік. Тек жұмыртқа қуыруды ғана білетінмін. Қазір палау, бәрін істеп жатырмын», – дейді. [caption id="attachment_82725" align="aligncenter" > Фото: Еуразия бірінші арнасынан скриншот[/caption] Соңғы екі жылдан бері жалғыз өзі балаларын бағып-қағып отыр. Әйелі отбасын тастап кетіп қалған. Көрші ауылда тұрады. Балаларына хабарласқаны болмаса, үйге келмейді.Тапқан табысын балаларына жұмсайды. https://youtu.be/OFIpJBINwSAОтағасы атаулы әлеуметтік көмек – 300 мың теңгеге жуық жәрдемақы алады. Аудан әкімдігі жұмысқа орналастырып берген. Кәсіп ашу үшін мемлекеттен 864 мың теңге алуға жәрдемдескен. Қаржыға есік алдына жылыжай салып, қызанақ, қияр өсірумен айналысады.
Әзірге жұбайымен не үшін тіл табыса алмағаны белгісіз.