Бекшиннің «барахолканы» тексеруге батылы жетпей ме?
Бекшиннің «барахолканы» тексеруге батылы жетпей ме?
5,170
оқылды

Жиында журналистер карантин талаптарын қадағалайтын мониторинг тобының өкілдері неліктен кафе-мейрамханалардан бөлек «барахолкада» (Алматыдағы Солтүстік айналма жолы бойында орналасқан киім-кешек сататын ең үлкен базар – ред.) тексеру жүргізбейтінін сұрады.

  [caption id="attachment_82739" align="aligncenter" width="1000"]Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин. Фото: Интернеттен алынды[/caption]

«Базарлар тексерілмейді емес, тексеріледі. Осыдан бір жарым ай бұрын бір жерде жақын орналасқан базарларға 1 млн теңге айыппұл салынды. Алайда эпидемиологиялық талдауларға сенсек, инфекцияның 37% жабық аумақта таралады. Түнгі клубтарда адамдар 5-6 сағат жабық ғимаратта жақын отырады. Ал базарға барсақ, сатушының алдында ұзақ тұрмаймыз. Керек затымызды аламыз да, кетеміз», – деп жауап берді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирус өршіп тұрғанын айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Біз бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігерін ПТР-зертханасына кіргізбей қойғанын жазған болатынбыз.