Jas Otan жастарды өзгеруге шақырады
Jas Otan жастарды өзгеруге шақырады

Акция аясында жасотандықтар жас қазақстандықтарға өздерін жеңуді, спортпен белсенді айналысуды, өз білімін тереңдетуді және жеке басының жаңа қырларын ашуды ұсынады. Марафонның басты шарты  - бір онкүндікте жоғарыда айтылғанды жасап үлгеру.

   width= Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның негізгі идеясы – жастардың    назарын өзін-өзі дамытудың маңыздылығына аудару, бұл өз кезегінде ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бір орында тұрмайтын және болашаққа ұмтылған ұлт қана әлемге өзінің жетістіктерін көрсете алатынын атап өтті. Ал Ozger онлайн-марафоны қазақстандық жастарды мықтырақ болуға ынталандырады. Жеке мысал ретінде Jas Otan ЖҚ жетекшісі Елнұр Бейсенбаев науқанды қолдай отырып, жүгіру жолында 5 км жүгірді.

«Қазіргі заман бізге өз ережелерін қояды, көптеген адам кеңселерде жұмыс істейді. Қозғалыс аз. Карантин бұл жағдайды одан әрі ушықтырды. Ozger акциясында қатысуға шешім қабылдадым және күн сайын 5 шақырым жүгіремін. Себебі жүгіру ағзаны сергітеді, күні бойы күш пен қуат береді», – деп атап өтті Елнұр Бейсенбаев.

Бұл онлайн-марафонға әлеуметтік желілерде #birgeozger хэштегімен жарияланым жасап және @jas_otan парақшасын белгілеп, кез келген адам қатыса алады. Айта кетейік, Jas Otan мұндай шараларды алғаш рет өткізіп отырған жоқ. Өткен айда жасотандықтар Қазақстан бойынша 2000-нан астам адамның басын қосқан Sana тұлғалық даму мектебін ұйымдастырған болатын. Оқу барысында тыңдаушылар «Шешендік өнер» және «Көшбасшылық және эмоциялық интеллект» курстарымен  танысты.