Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. Жиында Үкімет басшысы шектеу шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі мониторинг топтарының жұмыс тиімділігінің төмендігін сынға алды.Сонымен қатар, рентген аппараттарын, жылжымалы медициналық кешендерді жеткізуді жеделдету мәселесін де талқылады.Жиында Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әуе компанияларына ПТР тест нәтижесі туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салуды тапсырды.