«Үш бала газдан уланған» – мемлекеттік бағдарламамен салынған үйде жылу жоқ
«Үш бала газдан уланған» – мемлекеттік бағдарламамен салынған үйде жылу жоқ
5,119
оқылды

Себебі, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған қос үйдің қазандығын әкімдіктегілер дер кезінде жөндемеген. Енді суықтан бүрсеңдеген жұрт жылыну үшін асүйдегі газды қосуға мәжбүр, – деп хабарлайды КТК.

Түн ортасында газ өшіп қалып, уланған үш бала ауруханаға түскен. Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің тұрғындары үш баланың газға уланғанын естіп шошынып қалған. Себебі, жылу келмегендіктен, барлығы қара суық үйлерін ас үйдегі газбен жылытып отыр. Тұрғындардың одан басқа амалы жоқ.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Айгүл Жалғасбаева: «Біз газ қосып төрт конфоркасын жаққанбыз. Сол күйде ұйықтап қалғанбыз. Таңертең тұрсақ, балаларымыз құсып, басын көтере алмайды. Жедел жәрдем шақырсақ, уланыпты. Ауруханаға алып етті», – дейді.

Жылуы жоқ «Батыс-2» ықшамауданындағы көпқабатты қос үйдің қазандығы қалалық әкімдікке қарайды. Мұндағы сегіз сорғының барлығы бірдей істен шыққан. Жақында шенеуніктер демеушілердің көмегімен бір сорғыны әрең алып беріпті. Қазір ол да істемейді.

Бұл мәселеге қатысты Ақтөбе қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Мирас Әжібаев: «Қазандық қазір біздің баланста. Сондықтан конкурс жарияладық. Сомасы 17 миллиондай, ішіндегі ауыстыратын жабдықтар. Уақытша сынып қалған жаңағы сорғыны «Трансэнерго» қарап жатыр. Сорғының ішінде ақауы бар», – дейді.

Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерге жылудың қашан берілетіні белгісіз.