Балқаш қаласында жергілікті кәсіпкер «Қоңырат» ықшамауданынан Дарина Қағадееваға екі бөлмелі пәтер сыйлады.
Бұған дейін Дарина Қағадеева әкіммен тікелей эфир кезінде тұрмысы төмен екенін айтқан. Әкім жесір әйелге көмектесетін демеушілерді тапқан. Баспаналы болған отбасын Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков арнайы құттықтады.Олар көпшіліктен қаражат жинап, кредитін төлеп берген.Дарина Қағадееваның жүктіліктің бесінші айында күйеуі қайтыс болған. Үш ұлдың анасы қолдаусыз қалып, жалдап тұрған үйінің ақысын төлей алмаған. Төрт ай бойы әйелге еріктілер көмектескен.