Жатақханалар сапасы бақылауда
Жатақханалар сапасы бақылауда
220
оқылды

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев еліміздің жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын күшейтуді тапсырған болатын. Осыған бай­ланысты «Jas Otan» Жастар қанаты студенттердің өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру, әлеуметтік-тұрмыстық жағ­дайын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың қыр­күйек айынан бастап ЖОО және ТжКБ жанындағы студенттік жатақ­ханаларға жүйелі мониторинг жүргізіп келеді.

«Таза сессия» акциясы ая­сында «Nur Otan» партиясы жа­нындағы «Jas Otan» Жастар қа­на­тының ұйымдастыруымен Шым­кент қалалық Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе жүр­гі­зілген тексеріс жұмыстары жал­ғасын табуда. Аталмыш шара ая­сында қаладағы SilkWay Ха­лық­аралық университетінің, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың және ОҚМПУ-дың жатақхана­ларына мониторинг жүргізілді. Тексеріс барысында көптеген жатақханалардың санитарлық нормаға, тұрмыстық жағдайға сәйкес келмеуі және орындардың шамадан тыс толу фактісі анық­талды. Анықталған фактілер нә­тижесінде оқу орындарының басшылығына ескертулерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар «Jas Otan» Жастар қанаты ШҚОФ «Өскемен политехникалық колледжі» КМҚК жатақханасында рейд өткізді. Мониторинг тобы ашық тоқ көздерін қолға алу, тозығы жет­кен есіктерді ауыстыру, терезе жақ­тауларын жаңарту жұмыс­тарын қараша айының 1-не дейін толығымен аяқталуын тапсырды. Жатақханалар мониторингі жал­ғасуда, келесі кезекте – «Семей медицина университеті» КЕАҚ жатақханасы. Айта кетейік, шараның негізгі мақсаты – білім іздеп келген жас білімгерлерге жатақханада тие­сілі орынды заң аясында белгі­ленген тәртіппен берілуі және жа­тақ­ханаға қажетті құралдармен жабдықталу мәселесіне бақылау жүргізу. Мұндай мониторинг жұмыстары 23-29 қараша ара­лығында жалғасады.  

Әбілмансұр ЖАСАН