Жастар қала аумағын тазалады
Жастар қала аумағын тазалады

«Таза әлем» жобасы аясында еліміздің 4 аймағында, атап айтсақ Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Алма­ты қаласында «Jas Otan» Жастар қанатының белсенді жастары қала аумағын абаттандыру және тазалау мақсатында сенбілік ұйымдастырды.

Акцияға 250-ден астам жас­отан­дық жас және қала тұрғын­дары қатысты. Қатысушылар ар­найы құралдар (күрек, тырма), қолғаптармен және қоқысқа ар­нал­ған қаптармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ карантин шара­ларына байланысты сенбілікке шыққандар әлеуметтік қашық­тық­ты және бетперде режимінің бар­лық нормаларын қатаң сақ­тады. Жасотандықтар эко-акция ая­сында қала аумағындағы кө­шелерде, тротуарларда және ық­ша­маудандарда тазалық жұмыс­тарын жүргізді. Бұдан басқа, нөсер желілері, арықтар тазартылды, саябақтар мен скверлерде жасыл желектерді күту бойынша маусым­дық агротехникалық жұмыс жүр­гізілді, рұқсат етілмеген қоқыс орындары мен ластанған учас­ке­лер жойылды. Іс-шара соңында еріктілер алдағы уақытта сенбілік жұмыстары тұрақты түрде жалға­сын табатын айтып, шаһар тұр­ғын­дарын сенбілікке атсалысып, тазалық сақтауға шақырды.

Әбілмансұр ЖАСАН