«Таза әлем» жобасы аясында еліміздің 4 аймағында, атап айтсақ Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында «Jas Otan» Жастар қанатының белсенді жастары қала аумағын абаттандыру және тазалау мақсатында сенбілік ұйымдастырды.
Акцияға 250-ден астам жасотандық жас және қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар арнайы құралдар (күрек, тырма), қолғаптармен және қоқысқа арналған қаптармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ карантин шараларына байланысты сенбілікке шыққандар әлеуметтік қашықтықты және бетперде режимінің барлық нормаларын қатаң сақтады. Жасотандықтар эко-акция аясында қала аумағындағы көшелерде, тротуарларда және ықшамаудандарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұдан басқа, нөсер желілері, арықтар тазартылды, саябақтар мен скверлерде жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыс жүргізілді, рұқсат етілмеген қоқыс орындары мен ластанған учаскелер жойылды. Іс-шара соңында еріктілер алдағы уақытта сенбілік жұмыстары тұрақты түрде жалғасын табатын айтып, шаһар тұрғындарын сенбілікке атсалысып, тазалық сақтауға шақырды.Әбілмансұр ЖАСАН