Мұхит бөліп жатқан үндестік
Мұхит бөліп  жатқан үндестік
5,149
оқылды

Көпшілігіміз АҚШ пен Қа­зақ­стан ұқсастығы дегенде, Гранд-Каньон мен Шарын шат­қалын еске түсіреміз. Екі елді бай­ланыстыратын 20-ға жуық мә­дени үйлесім бар десек, сенесіз бе? Америка мен Қазақстан – сіз ойлағаннан да жақын. Ұлттық музейде өткен көрме сөзімізге дәлел болады.

Шараның ашылу рәсіміне Ұлт­тық музей директоры Арыс­тан­бек Мұхамедиұлы, АҚШ-тың Қазақстан­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мо­зер, белгілі қоғам қайрат­кері, ғалым Әділ Ахметов және зиялы қауым өкілдері мен елі­мізде жүрген бірқатар АҚШ аза­маты қатысты.

Qazaq Geography бірлестігі мен National Geographic Qazaqstan жур­­­налы­ның ұйым­дастырумен өткен фотокөр­ме АҚШ пен Қазақстан ара­сындағы эконо­микалық, геог­рафиялық, мәдени және та­рихи ұқсастықты паш етіп, екі елдің бірлігі бекем серіктес екенін көрсетті.

«Көрменің негізгі мақсаты – тәуел­­сіздік жариялағанына 250 жылға жуықтаған алып су­пердержава – АҚШ пен еге­мендігін алғанына 28 ғана жыл толатын Қазақстан ара­­сындағы экономикалық, гео­г­ра­­фия­лық, тарихи әрі мәдени ұқсас­тық­тарды са­лыс­­­­тыра отырып, қос ел тура­лы көпшіліктің таным көк­жиегін кеңейтіп, қоршаған ор­та мен таби­ғатты қорғау проб­лемаларына қо­­ғам назарын аударту», – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ал Уильям Мозер болса, Орталық Азиядағы ең керемет музейдің бірінде болғанына мақтанады. Америка мен Қа­зақстанның табиғаты, ұлт­тық парктері, мәдениеті ұқ­­сас екенін алға тартты. Фо­токөрме арқылы екі мәде­ниет­тің сабақтастығына көз жет­кізетінімізді айтты. Оның айтуынша, екі мемлекет ара­сын­дағы ара­қашықтыққа қара­мастан, мәде­ниетіміз жақын, өзара қатынасымыз тығыз.

«Рухани жаңғыру» за­лын­­да өткен фотокөрме таң­­дандырады. Алматы ай­на­ла­сындағы «Таңбалы тастағы» жазу АҚШ-тың батысындағы пет­ро­глифтерге ұқсайды. Се­мейдегі аспалы көпір мен Сан-Францискодағы «Алтын қақпа» өзара үндеседі. Родео мен өзі­міздегі асау үйретудің жа­қын екенін көресіз. Солтүстік Американың байырғы халқы киіз үйге ұқ­сас типиде тұрған. Олардың өмір салты мал бағу­мен ты­ғыз бай­ла­нысты екен. Ал Алматыдағы орталық парк­тің Нью-Йоркте «егізі» бар. Қазір астаналықтар Опера жә­не балет театрына барғанда, Кар­неги холлға кіргендей әсер ала­ды. Осыған ұқсас теңес­тіру көп. Ерекше әсер етке­ні –  Үстірт ойпаты мен Аме­ри­кадағы Ескерткіштер жа­зығы. Мұхит бөліп жа­тыр демесеңіз, АҚШ пен Қазақ­стан­ның дала құнды­лығы мән­дес екенін сезесіз.

Ұлттық музейде екі күн ға­­на тұра­тын туындыларды кейі­­нірек елор­дадағы Mega­Silk­Way мен Алматыдағы Mega-Almaty сауда-ойын-сауық орталығынан тамашалай ала­сыз­дар.


Айзат АЙДАРҚЫЗЫ