Қоғамдық кеңес отырысы өтті
Қоғамдық кеңес отырысы өтті
148
оқылды
«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғам­дық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа «Nur Otan» пар­тиясы Шығыс Қазақстан облыс­тық филиалы төрағасының бі­рінші орынбасары О.Чугунков, кеңес мүшелері және БАҚ өкіл­дері қатысты. Жиын барысында  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасы, қала әкімі Е.Салимовтың есебі тыңдалды.
 – Қала бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын орындауға ар­налған шаралар тұрақты жүзеге асырылуда. 2020 жылдың 1 қаза­нындағы жағдай бойынша 202 257 мемлекеттік қызмет көрсе­тілген. Ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін 91 пайыз немесе 183 729 қызмет элек­тронды түрде ұсынылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыш­тарының саны 28 бірлікке дейін ұлғайтылды. Олар өздерінің тиім­ділігін карантин кезеңінде көр­сетті, ол арқылы 106 557 мем­лекеттік қызмет көрсетілді, – деп атап өтті Е.Салимов.
Жиын барысында сөз алған кеңес мүшесі Е.Березинская Қоғамдық кеңес жанындағы жұ­мысшы сараптама тобының  Семей қаласы әкімдігінің сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметіне сауалнамалық мониторинг жүр­гізгенін атап өтті. Сонымен қатар Жарма және Глубокое аудан­дарындағы «Nur Otan» партиясы аумақтық филиалдары жа­нын­дағы сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық ке­ңестің атқарған жұмысы тал­қыланды.

Әбілмансұр ЖАСАН