«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков, кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасы, қала әкімі Е.Салимовтың есебі тыңдалды.
– Қала бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын орындауға арналған шаралар тұрақты жүзеге асырылуда. 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 202 257 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін 91 пайыз немесе 183 729 қызмет электронды түрде ұсынылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының саны 28 бірлікке дейін ұлғайтылды. Олар өздерінің тиімділігін карантин кезеңінде көрсетті, ол арқылы 106 557 мемлекеттік қызмет көрсетілді, – деп атап өтті Е.Салимов.Жиын барысында сөз алған кеңес мүшесі Е.Березинская Қоғамдық кеңес жанындағы жұмысшы сараптама тобының Семей қаласы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметіне сауалнамалық мониторинг жүргізгенін атап өтті. Сонымен қатар Жарма және Глубокое аудандарындағы «Nur Otan» партиясы аумақтық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңестің атқарған жұмысы талқыланды.
Әбілмансұр ЖАСАН