Асылы Осман: Ұлтаралық татулық – көкте Құдайдың, жерде қазақтың арқасы

Асылы Осман: Ұлтаралық татулық – көкте Құдайдың, жерде қазақтың арқасы

Бүгінде Қазақстан түрлі этнос өкілдері  тату-тәтті, бақуатты өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде танылды. Еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыс өз тілдері мен мәдениетін дамытуға толық мүм­кіндік алған. Олар «Қазақстан азаматы» дейтін өзіндік болмыс пен келбет қалыптастырып та үлгерді. Сондай этнос өкілдерінің ара­сында әзербайжан халқы бар. Біз бауырлас ұлттың бауыр­мал қызы, «Алматы облыстық әзербайжан  этномәдени бір­лестігі» ҚҚ төрағасы Асылы Османға хабарласып,  еліміздегі әзербайжан  этносының бүгінгі жай-күйі жайлы сұраған едік.

– Асылы Әлиқызы, Қазақстанда 130 мыңдай этникалық әзербайжан тұрады екен. Мемлекетіміздің ны­­ға­юы­на олар қандай үлес қосып жатыр? – Қазақстан тұрғындарының, мейлі қайсы болса да, туған еліне, тұрған жеріне деген сүйіспеншілігі ала­бөтен болуы керек. Қазақ бол­сын, өзге ұлт өкілі болсын, мемле­кет­ке қандай қызмет етсе, әзербай­жан­дар да сондай үлес қосып жатыр. Ғалымдары бар, кәсіпкерлері бар, әртүрлі жұмыс істейтіндері бар – бәрі осы Қазақстанды Отаным деп біледі. Өз басым әзербайжандар қа­зақ халқына адал деп ойлаймын. Өйткені әр адам қоғамға пайдасын тигізуі керек. – Еліміздегі әзербайжандар қан­дай кәсіпке бейім? Көбінесе сауда-саттықпен айналысатынын білеміз. Ал ғылымда, спортта, өнерде табысқа жеткен қандастарыңыз көп пе? – Ғылымда да, спортта да, өнер­де де бар. Бірақ олар аз. Ауылдағылар мал өсіреді, егін салады. Саудагерінің көбі – қала мен қала төңірегінде тұратындар. Бізді 1994 жылы осында жер аударған ғой. Сол кезде келген­дер қазір қазаққа әбден сіңіп кеткен, қазақ қандай кәсіппен айналысса, олар да соны істейді. Өзім оңтүстік­тің қазағымын ғой. Сондықтан оң­түс­тіктегі жағдайды жақсырақ біле­мін. Ал сауда жасап, кәуап сата­тын­дар – мұнда кейін қоныстанған әзербайжандар. Енді олай бөліп-жармайық. Әрине, оқығандары да жетіп артылады. Оңтүстіктегі әзер­бай­жандардың барлығы дерлік қазақ тілін, әдет-ғұрпын, салт-са­насын жетік меңгерген. Араласып-құраласып кеткен. Қазақтан қыз ал­ған, қазаққа қыз берген. Мысалы, ағамның қыздары қазаққа тиген, балалары қазаққа үйленген. Қа­зақ­пен түбіміз бір. Егер түсіне білсек, қазақты ерекше қадірлеп, қастер­леуге міндеттіміз. Өйткені қазақ – жер иесі, мемлекет құрған ел. Менің әрбір жиында айтатыным – осы. Дініміз бір, тіліміз ұқсас. Өзім туып-өскен Түлкібас жақта тұратын әзер­бай­жандар орыс тілін білмесе де, қазақшаға судай. – Бұл екі халықты тілден басқа қандай қасиеттер табыстырады? – Әрине, салт-дәстүрінде айыр­машылық бар. Дегенмен жақындық өте көп. Мысалы, қыз ұзату, келін тү­сіру, сүндетке отырғызу – бәрі бірдей. Қазақстандағы әзербайжан­дардың мінез-құлқы мен психо­ло­гиясы Әзербайжандағы әзербай­жан­дарға қарағанда қазаққа тартып кет­кен. Адамды өскен ортасы тәр­бие­лейді ғой. Кеңдігі де, қонақ­жай­лылығы да қазаққа ұқсайды. Тіпті, осында дүниеге келген баланың түр-әлпетінде де өзгешелік бай­қа­лады. – Қазақстандағы ұлтаралық тату­лық пен қоғамдық келісім туралы не айтасыз? – Біріншіден, елдегі ұлтаралық та­ту­лық, кеңдік, бірлік, ынтымақ – бәрі-бәрі көкте Құдайдың, жерде қазаққа тән дарқандықтың арқасы. Екіншіден, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген кемел саясат­тың жемісі. Сол себепті төрткүл дү­ниеге танылып отыр. Бүгін әлем Қазақ­стан­ды өнеге тұтып, өзгелер үлгі ала­ды. Бүгінгі күні, қазақ жерін құтты қоныс, мейірімді мекен еткен этнос өкілдері кеңдік пен кемеңгер­лік танытқан қазақ халқының қам­қорлығына бөленіп отырған тұста, біздер Елбасы мен Президент­тің барша Қазақстан халқын теңдікте ұстағанын жүрегімізбен сезініп, жа­нымызбен ұғынып, қазақ дегенде ішімізден жалын атуға тиіспіз. Одан еш­кім тағынан түсіп қалмайды. Қай­та бірлігіміз нығайып, ел арасында мәртебеміз көтеріліп, сыйластығы­мыз артып, мерейіміз жоғары бо­лары хақ. Өз ісімізде қаталдықты, қо­ғамда адалдықты танытқан абзал. Бұл әсте де өзгені төмендетіп, қа­зақ­ты асқақтату емес. Шырылдаған шын­дықты айтып, сыйластықты қа­­лыптастыру, теңдікті айғақтай отырып, бірлікті терең ұғуға ұмтыл­дыру. Мұның жаршысы алдымен ҚХА мүшелері болса, нұр үстіне нұр. Яғни, ұлттық қасиетті қадірлеп, құр­меттей отырып, әр тасында тарихтың таңбасы бар қазақ елін танып, туған Отанымызға деген сүйіспеншілікті арттырып, патриоттық сезімді жас­тар бойына дарыта қалыптастыра білсек, ұтарымыз көп болмақ. Қа­зақтың мемлекет құраушы ұлт еке­нін қазақ қана сезініп қоймай, бүкіл Қазақстан тұрғындары шын ниетпен шегіншектемей мойындап, бірлікте білікті де пайдалы істер атқарып, қа­зақ ұлтының төңірегіне топтассақ, рухани мәртебеміздің тұғыры биік­тейді, сыйластығымыз шырқау биікке самғайды. Мұны әркім түсіне білуі қажет, бұған Ассамблея айрық­ша батыл үн қатуда. Сонымен қатар қазақ ұлтына деген сыйластық, оның тілін – мемлекеттік тілді құр­меттеуден басталуы керек. Өйткені қазақ тілі баршамызды топтастырып, ұйыстырып тұр. Әрі Қазақстанда өзге этностардың өз тілдерінде сөй­леп, мәдениеттерін дамытуға жағдай жасалғанын ескерсек, біздің мем­ле­кеттік тілді білуіміз «сыйға – сый, сыраға – бал» деген сөз. Жаһанда өз елінде өмір сүрген түрлі этнос өкіл­деріне дәл Қазақстандай жағдай жасаған мемлекет ілуде біреу ғана. Мұны түсінуге тиіспіз. – Өзі туып-өскен елге қызмет ету – әр адамның парызы. Сол парыз­ды өтеу үшін қайтпек керек? – Қазаққа мәңгі қарыздармын. Еш уақытта жақсылықты ұмытуға болмайды және оның қайтарымы болуы керек. Сондықтан да қазақ ті­лінің дамуы үшін бар күш-жігерім­ді салып жұмыс істеймін. Барлық этнос өкілдері жақсылықтың өтеуі ретінде қазақ тілінде сөйлесе деймін. Ахмет Байтұрсыновтың «байтақ жер де, бай тіл де қазақтыкі» деген сөзі бар. Қазақтың тілін ешбір тілмен салыстырмаймын. Қазақтың тілінің байлығын да, шұрайлылығын да, мәңгілігін де бәрінен жоғары қоя­мын. Тіл деп шырылдағанда, қазақ тілі құрып бара жатыр деп шырылда­маймын, қазақ VII ғасырда алып арабқа да, XIII ғасырда тегеурінді моңғолға да, XIX-XX ғасырларда ормандай орысқа да төтеп беріп, өзінің тәуелсіздігін сақтап, осы кез­ге жетті. Қанша тіл білсең, сонша ұлт­­тың өкілісің. Қазақ артта қалған­ды ілгері сүйрейді, жығылғанды тұр­ғы­зады, қиналғанға сүйеу бола­ды. Осы тілге деген сүйіспеншілігім де қазақ­тың өзінің бойына біткен қа­йырым­­ды­лығының арқасы. Тәуел­сіз­дігіміз тұғырлы, қазақ тілі ғұмырлы болғай! – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан Айдар ДӘУІТҰЛЫ