Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.
Тек қана батыс пен оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Кейбір аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады. Желдің екпіні күшейеді. Солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз жел екпіні 23-28 м/с-ке артады. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 30 м/с және одан аса күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с екпіндегі желдің күші күндіз 23-28 м/с артады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Күндіз екпіні 23-28 м/с-ке жетуі ықтимал. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел түнде басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні 23 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз желдің екпіні 25 м/с артады.Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.