«Асфальтті қардың үстіне төсеп жатыр» ­– 25 жылда бірінші рет жөнделген жол
«Асфальтті қардың үстіне төсеп жатыр» ­– 25 жылда бірінші рет жөнделген жол

Көкшетаудың шетінде орналасқан Красный Яр кентінің тұрғындары мердігер компанияның қар үстіне асфальт төсеп жатқанына наразылық білдірді, – деп хабарлайды КТК.

25 жылда бірініші рет жолы жөнделіп жатқан ауыл тұрғындары жол жөндеудегі атүсті істелген жұмысты ұялы телефондарына түсіріп, ғаламторда жариялаған. Биыл мемлекеттік бағдарламаға Красный Яр кенті ілігіп, жолының 25 шақырымы жөнделетініне тұрғындар қуанып жүрген. Ширек ғасыр асфальт төселмеген жолды жөндеуге қазынадан 800 миллион теңге қарастырылған Оның 400 миллион теңгесін мердігер «АгроинвестКөкше» компаниясы алған. Компания қарашаға дейін аяқталуы тиіс жұмыстың әлі тең жартысын бітірмеген. Асығыс асфальт төсеуі де сондықтан болса керек.

Красный Яр кенті әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Қайрат Жүсіпбеков:  «Мердігер компания «Агроинвест Көкше» технологияны бұзған. Қардың үстіне асфальт салып. Сапасын тексеретін компаниямен шартымыз бар. Егер олар тексеріп жақсы нәтиже берсе, біз ақшасын төлейміз. Нәтижесі өтпесе, онда жол қайта істеледі», – дейді.

Біз бұған дейін Павлодарда жапырақтың үстіне төселген асфальт жол туралы жазғанбыз.