Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Қазақфильм» жекешеленбейтінін айтты.
Киностудия жекешеленетін ғимараттар тізімінен алып тасталған.
«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жекешелендірілетін ғимараттар тізімінде тұр. Қазақстан Республикасының модернизациясы жөніндегі мемлекеттік комиссияның соңғы отырысында премьер-министр Асқар Мамин «Қазақфильмді» жекешеленген ғимараттар тізімінен алып тастау жөнінде ұсынысты қолдады», - деді Ақтоты Райымқұлова. Оның айтуынша, жекешелендірмеуді алдағы уақытта Үкімет қолдайды.